Мен және менің полицейім" атты республикалық акция күніне арналған 1-3 сынып оқушылары арасында "Қауіпсіздік әліппесі " тәрбие сағаты өткізілді
Ағымдағы жылдың 30-31 қазан аралығында ел көлемінде іске қосылған «Мен және менің полицейім» республикалық шарасының мақсаты – мектеп табалдырығын аттап үлгермеген балалар мен бастауыш сынып оқушыларын полиция жұмысымен таныстыру, сондай-ақ, оларға көшеде, қоғамдық орындарда өздерін қалай ұстау керектігін және бөтен адамдармен қалай сөйлесу қажет екенін үйрету. Балаларға тәртіп сақшыларына сенім білдіріп, оларды өздеріне дос әрі қорғаны санауға жағдай жасау.